1 қарашадан бастап Сауд Арабиясы кіші қажылыққа қажыларды қабылдай бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал оған дейін яғни 4 қазаннан бастап әл-Харам мешітіне Сауд Арабиясының тұрғындары ғана бара алады, күніне 6 мыңға жуық адам. 18 қазаннан бастап жергілікті қажылар саны 15 мыңға дейін артады.
Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы биыл пандемияға байланысты қажылыққа тыйым салды.