432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп пен Байден арасында алғашқы пікірсайыс өтеді

  • 114
  • UPD: 10:49, 30.09.2020
Трамп пен Байден арасында алғашқы пікірсайыс өтеді

АҚШ-та бүгін президенттікке үміткер Дональд Трамп пен Джо Байден арасында алғашқы пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дода теледидардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сайыс кандидаттардың 2 минуттық кіріспесінен басталып, әрі қарай сұрақ-жауап түрінде жалғасады. Онда алты мәселе көтеріліп, олардың әрбіреуін талқылауға 15 минут уақыт бөлінбек. Пікірсайысты теледидар және ғаламтор арқылы 100 миллионға жуық америкалық көруі мүмкін. Жалпы Трамп пен Байден арасында үш пікірсайыс өткізу жоспарланған. Келесі дода Майами мен Нэшвиллде өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы