427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан қорғайтын күмістен жасалған маска ойлап табылды

  • 194
  • UPD: 18:04, 30.09.2020
Коронавирустан қорғайтын күмістен жасалған маска ойлап табылды

Сербиялық компаниялар COVID-19-дан қорғайтын инновациялық күміс маска ойлап тапты.

Бұл маска қазан айының ортасында нарыққа шығады.

«Күміс маска заманауи нанотехнологияларды қолдана отырып жасалады, соның арқасында күміс иондары мен цеолиттер (минерал) ультрадыбыстық ионизация көмегімен матаға енеді, бұл қосымша қорғаныс қабатын қамтамасыз етеді. Маска ересектер мен балаларға арналған өлшемдерде болады», - деді Сербияның Сауда-өнеркәсіп палатасы.

Хабар 24 телеарнасы