427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Малайзиядан пальма майын тасымалдауға тыйым салды

  • 335
  • UPD: 12:17, 01.10.2020
АҚШ Малайзиядан пальма майын тасымалдауға тыйым салды

Америка Құрама Штаттары малайзиялық компанияның пальма майын және одан өндірілетін тауарларын тасмалдауға тыйым салды.

Өйткені FGV компаниясы еңбек саласындағы бірқатар заңдарды бұзып келген.

Атап айтсақ, физикалық тұрғыда зорлық-зомбылыққа жол беріп, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды еңбекке тартқан. Қазір бұл іске қатысты халықаралық тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Малайзия мен Индонезия әлем бойынша пальма майының 85 процентін өндіретін елдер.

Хабар 24 телеарнасы