427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трампқа коронавирусқа қарсы сынақтан өтіп жатқан дәрі берілді

  • 98
  • UPD: 18:20, 03.10.2020
Дональд Трампқа коронавирусқа қарсы сынақтан өтіп жатқан дәрі берілді

Вирус жұқтырып алған президент Дональд Трампқа COVID-19-ға қарсы сынақтан өтіп жатқан дәрі берілді.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Мамандардың айтуынша, ол қандағы вирусты азайтады екен. Бірақ қазір сынақтың соңғы кезеңіндегі дәрінің жұқпалы дертке қарсы тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі дәлелденбеген. Кеше президент Дональд Трамп әйелімен бірге коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Вирус алдымен президенттің кеңесшісінен анықталған. Ол Кливлендте өткен пікірсайыс кезінде Трамптың жанында болған.

Хабар 24 телеарнасы