427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда қауіпті вирусқа шалдыққандар саны артты

  • 92
  • UPD: 15:47, 07.10.2020
Бельгияда қауіпті вирусқа шалдыққандар саны артты

Бельгияда коронавирус жұқтырғандар саны артып, шектеулер қатаңдатыла бастады.

Алдағы жұмадан бастап 3 адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Ал дәмхана мен барларда 4 адамнан ғана бас қоса алады. Дәмханалар жұмысы түнгі сағат 23:00-ге дейін қысқартылады.

Айта кетейік, 11 жарым миллионнан астам тұрғыны бар Бельгияда індет таралғалы вирусты 130 мыңнан аса адам жұқтырған. Олардың 10 мыңнан астамы қайтыс болды.

Александр Де Кроо, Бельгия премьер-министрі:

- Біз жалпыұлттық карантинді қайта енгізбеуге тырысамыз. Бірақ халық сақтық шараларын орындамаса шектеулер қатаңдатылады. Сондықтан әр азамат жауапкершілік танытып, ахуалдың нашарламауына атсалысуы керек.

Хабар 24 телеарнасы