432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та сағатына 160 шақырым жылдамдықпен дауыл соқты

  • 115
  • UPD: 15:35, 10.10.2020
АҚШ-та сағатына 160 шақырым жылдамдықпен дауыл соқты

АҚШ-тың Луизиана штатына алапат Дельта дауылы соқты.

Желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жеткен. Салдарынан электр сымдары үзіліп, 400 мыңдай тұрғын жарықсыз қалған.

Дауылды бақылау ұлттық орталығының мәліметінше, Техас пен Луизиана штаттарының кей ауданында қазір ауа райы қолайсыз. Аймақта қатты нөсер жаңбыр жауған. Енді су тасқыны қаупі төніп тұр.

Айта кетейік, бұған дейін табиғат апатынан Мексика шығанасындағы бірқатар курорттық аймақ зардап шеккен еді.

 

Хабар 24 телеарнасы