429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Фейсбук» холокост туралы жалған ақпаратты өшіреді

  • 92
  • UPD: 14:51, 13.10.2020
«Фейсбук» холокост туралы жалған ақпаратты өшіреді

Бұдан былай «Фейсбук» холокосттың болмағанын немесе ол жайлы бұрмаланған ақпар келтіретін жарияланымдардың бәрін өшіріп тастайды.

Бұл туралы аталған әлеуметтік желінің негізін салушы Марк Цукербергтің мәлімдемесінде айтылды. Жалпы осы уақытқа дейін Цукерберг мұндай тыйымдарға қарсы болатын. Себебі осындай шаралар интернеттегі сөз бостандығын шектейді дейтін ол. Алайда әлемде антисемитизм деректерінің көбейіп кетуіне байланысты «Фейсбук» басшысы өз ойынан айныған.

Айтуынша, әлеуметтік желіде Холокост жайлы қандайда бір ақпарат іздеген қолданушылар енді автоматты түрде беделді ақпарат көздерінің парақшаларына жіберіледі.

Еске сала кетейік, тамыз айында концлагерь тұтқындары мен белсенділер Марк Цукербергке видеоүндеу жолдап, геноцидтің болмағанын алға тартатын парақшаларды өшіруді өтінген еді.

Хабар 24 телеарнасы