427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны арта бастады

  • 85
  • UPD: 14:43, 17.10.2020

Мысалы, Италияда кеше 10 мыңнан астам тұрғыннан COVID-19 табылғаны жайында хабарланды.

Мұндай дерек эпидемия басталғалы тіркелмеген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәулік бұрын 8804 адамның қауіпті вирус жұқтырғанын жеткізген құзыретті орган өкілдері соңғы көрсеткіштің салмағы тіптен ауыр екенін айтыпты. Яғни, екінші толқынның көрініс беруі деп топшылайды. Екі күн бұрын жеті мың науқастан коронавирус анықталғанын ескерсек, Аппенин түбегі қазір нағыз сын сағатын бастан өткізуде деуге толық негіз бар. Италияда коронавиурс жұқтырғандардың жалпы саны 391611-ге жетті. Қауіпті вирустан 36427 науқас қайтыс болды.

Франция комендаттық сағатқа үміт артады. Қабылданған шектеулер мен тыйымдар індеттің таралуына тұсау болады деген сенім мол. Төтенше жағдай енгізіліп, тұрғындардың кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін үйден шығуына тыйым салынды. Қоғамдық орындар мен дүкендер де жабық. Соңғы тәуілікте елде 25086 дерек тіркелгені жайында айтылды. Қауіпті вирус жұқтырғандардың жалпы саны 834 мыңнан асты. Кеше елдегі сегіз сенатордан COVID-19 анықталғаны жайында айтылды. Біреуінің жағдайы нашарлап, ауруханаға түсіпті. Денсаулық сақтау саласының мамандары елдегі жағдай бақылауда екенін айтады. Коменданттық сағат пен түрлі шектеулер дерттің таралуын тежейді дегенді де тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы