422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда зілзаладан кейін дүмпулер жиіледі

  • 160
  • UPD: 17:36, 31.10.2020
Түркияда зілзаладан кейін дүмпулер жиіледі

Эгей теңізінде болған жойқын зілзаладан кейінгі дүмпулер тіркеліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия төтенше жағдайлар агенттігі осындай 400-ден аса дүмпу анықтады. Ең күштісінің қуаты Рихтер бағамымен 5 балға жетті.

Еске сала кетейік, кеше Түркияның Эгей аймағында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан теңіз суы тасып, жағалауға жақын жерді шайып кетті. Зілзаладан көптеген ғимарат қирап, жүздеген адам жапа шекті. Қазір Измир қаласында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар үйінділер астында қалып қойған тұрғындарды іздестіруде. Соңғы ақпарға қарағанда табиғи апаттан қаза тапқандар саны 25-ке жетті. Тағы 800-ден астамы жарақаттанған. Үйінділер астынан ондаған тұрғын құтқарылып алынды. Жалпы табиғи апат гректің Самос аралында да сезілген. Соңғы ақпар бойынша, онда 2 кісі қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы