423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы сайлау: Джо Байден әлі де алда

  • 123
  • UPD: 09:37, 05.11.2020
АҚШ-тағы сайлау: Джо Байден әлі де алда

АҚШ-та сайлау бюллетеньдерін санау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар штатта әлі қорытынды шыққан жоқ. Дегенмен соңғы мәліметтер демократиялық партияның үміткері Джо Байден Мичиган мен Висконсин штатында жеңіске жетіп, алға шыққан. Ол сайлаушылар алқасының 264 дауысына иеленді. Ал қазіргі президент Дональд Трамп әзірше 214 дауыс жинады. Ақпарат құралдары егер Байден Невада штатында: «Сайлаушылардың қолдауына ие болса жеңіске жетті дей беріңіз», – деп жарыса жазып жатыр. Бұл штатта 75%-тен астам бюллетень саналып қойған. Бірақ президент Трамп Джорджия, Пенсильвания, Солтүтсік Каролина штаттарында алда келеді. Ақ үй басшысы Мичиган мен Висконсинде Байденнің озып шыққанына күмән келтіруде. Аталған штат өкілдері заңбұзушылықтың болмағанын алға тартып, пікір білдірді.

Тони Эверс, Висконсин штатының губернаторы:

– Мұндай айыптар негізсіз. Бірақ осындай күдік-күмәнді күткенбіз. Дегенмен біздің сайлау процесіне атсалысқан азаматтар өте көп жұмыс істеді. Еріктілер, қызметшілер, ұлттық гвардия коронавирус індеті таралған өте қиын уақытта өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр. Сондықтан негізсіз айыптауға көңіл аударудан жалықтық. Егер қажет болса, бюллетендерді қайта санасын. Біз оған қарсы емеспіз. Керісінше өміріміздің тыныш болғанын қалаймыз.

Ал сайлаудың соңы ірі шерулерге әкелуі мүмкін. Ақпаратқа қарағанда екі кандидаттың да жақтастары наразылық шараларын өткізуге дайындалып жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар қалада шағын шерулер өтуде. Айта кетейік, қазіргі додада кім сайлаушылар алқасының 270 дауысын иеленсе, сол – сайлауда жеңімпаз.

Хабар 24 телеарнасы