422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та бір тәулікте жүз мыңнан астам адамға вирус жұқты

  • 105
  • UPD: 18:30, 05.11.2020
АҚШ-та бір тәулікте жүз мыңнан астам адамға вирус жұқты

АҚШ-та бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты. Мұндай көрсеткіш бұрын болмаған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әсіресе Вирджиния, Канзас, Теннесидегі эпидемиологиялық ахуал күрделі.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Құрама Штаттарда 9,4 млн адам қауіпті індеттің ілмегіне ілінді. Шамаман 232 мың 500 тұрғын вирус құрбаны болды. АҚШ науқас саны бойынша әлемде бірінші орында тұрған ел. Құрама Штаттардан кейін Үндістан мен Бразилия бар.

Хабар 24 телеарнасы