425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде бір аптада коронавирустың таралуы жөнінен рекорд орнады

  • 112
  • UPD: 19:27, 11.11.2020
Әлемде бір аптада коронавирустың таралуы жөнінен рекорд орнады

Әлемде бір апта ішінде коронавирус жұқтыру бойынша тағы да рекорд орнады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Соңғы жеті күнде дүние жүзінде 3 миллион 600 мыңға жуық азаматтан қауіпті вирус табылыпты. Дені еуропалықтар екен. Өлім-жітім көрсеткішінің жартысына жуығы да дәл осы құрлықта тіркелген.

Айта кетейік, алдыңғы рекорд қазан айының  соңында орнаған еді. Сол кезде 3 миллион 300 мыңдай кісі инфекцияға шалдыққаны белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы