423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иракта босқындардың лагерьлері жабылып жатыр

  • 70
  • UPD: 10:31, 13.11.2020

Иракта 100 мыңға жуық азамат қыста далада қалуы мүмкін. Өйткені ел билігі босқындарға арналған лагерьлерді жаба бастаған.

Дегенмен, билік өкілдері бұл азаматтарға көмектесеміз деп отыр. Айтуларынша, бір жыл бойы әр отбасыға 1 мың доллар көлемінде қаржылай көмек беріледі екен. Өз кезегінде сарапшылар «уақытша баспаналардың жабылуы мигранттардың жаңа ағынына әкелуі мүмкін» дейді. 

Умм Ахмед, босқын:

- Мен бұл жерді өз үйім деп есептеймін. Басқа барар жерім жоқ. Алда қыс келе жатыр. Сол кезде қайда баратынымды білмеймін.

Хабар 24 телеарнасы