422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Кореяда темекі шегуге қарсы науқан басталды

  • 80
Солтүстік Кореяда темекі шегуге қарсы науқан басталды

Жақында бұл елде кей қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы заң қабылданған.

Енді саяси және идеологиялық орталықтарда, театрлар мен кинотеатрларда және медициналық орындарда шылым шегуге болмайды. Биліктің мәлімдеуінше, бұл жергілікті халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Пхеньян темекіні жасап шығару мен оны сатуға да бақылауды күшейтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2013 жылы Солтүстік Кореяда ер адамдардың 44% темекі шеккен екен. Мемлекет басшысы Ким Чен Ынның да шылымға әуес екені белгілі.

Хабар 24 телеарнасы