423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та шектеулер қатаңдатылып жатыр

  • 86
  • UPD: 15:57, 15.11.2020

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны артып, кей штаттарда шектеулер қатаңдатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Орегон мен Нью-Мексикада тұрмысқа қажетті тауарларды өндіріп, сатумен айналыспайтын компаниялардың жұмысы тоқтатылмақ. Ал Солтүстік Дакотада індеттің күшеюіне байланысты бетперде тағып жүру тәртібі қайта енгізілді. Жаңа талапқа сай тұрғындар жабық қоғамдық орындармен бірге көшеде арақашықтықты сақтау мүмкін болмаса бетперде тағуы міндетті.

Айта кетейік, АҚШ-та вирусты жұқтырғандар саны 11 миллионға жуықтады. Дерттен 245 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Дуг Бургум, Солтүстік Дакота штатының губенаторы:

– Бетперде бұл – вирустың таралуына тосқауыл қоятын экономикалық тұрғыдан ең тиімді жол. Егер әлеуметтік арақашықтықты сақтау мүмкін болмаса, бетпердемен сақтану қажет. Бұл біздің қалыпты өмірге тез оралуымызға көмектесетін маңызды шара.

Хабар 24 телеарнасы