424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубаға турист келе бастады

  • 48
  • UPD: 15:28, 16.11.2020

Гавана әуежайы жолаушыларға лық толды. Куба 7 ай карантиннен кейін саяхатшыларға шекарасын қайта ашып жатыр.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, шетелден келгендердің денсаулығы әуежайда жіті тексеріледі. 

Айта кетейік, Кубаның карантиннен шығуы туризм маусымымен тұспа-тұс келді. Әдетте саяхаттау маусымы қараша айында басталып наурызға дейін жалғасады.

Естеріңізге салайық, пандемия басталғалы Кубада 7,5 млн жуық адам коронавирусқа шалдыққан. 

Андреа Пат, турист:

- Карантин біз үшін ауыр сынақ болды. Жарты жылдан астам уақыт бойы қамалып отыру біз үшін оңай болмады. Енді бастысы, сақтық шаралары жайында ұмытпау керек.

Хабар 24 телеарнасы