423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде науқастарға арналған дала госпиталі ашылды

  • 64
  • UPD: 10:39, 17.11.2020
Ресейде науқастарға арналған дала госпиталі ашылды

Ресейдің Шығыс Сібір аймағында коронавирус індеті кең етек жайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі ауруханаларда бос орын тапшы. Осыған орай елдің қорғаныс министрлігі Хакасияға әскери дәрігерлерді жіберу туралы шешім қабылдады. Мамандар өңірде дала госпиталін ашпақ ниетте. Жалпы ел аумағы бойынша соңғы тәулікте 22 мың 778 адам індеттің ілмегіне ілінген. Осылайша Ресейде пандемия басталғалы вирус жұқтырғандардың саны 1 млн 900 мыңнан асса, 33 мың 500 науқас дертінен айыға алмай көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы