423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венгриялық кондитер маска таққан Аяз ата тәттісін шығарды

  • 74
  • UPD: 10:27, 22.11.2020
Венгриялық кондитер маска таққан Аяз ата тәттісін шығарды

Қазіргі қиын жағдайға қарамастан, венгриялық кондитер ерекше десерттер жасап, көптің көзіне түсті.

Тәттінің ерекшелігі: шоколадтан жасалған Санта Клаустар бүгінгі жағдайға сай маска таққан. Автордың айтуынша, бастапқыда ол осындай тәттілермен тұтынушылардың көңілін көтермек болыпты. Бірақ жұрт мұны теріс қабылдаса керек. Алайда кейін шоколад фигуралар деген сұраныстың артқаны сонша, кондитер келіп түскен тапсырыстарды қабылдап үлгермейтін жағдайға жеткен. Қазір ол күніне 100-ге жуық осындай Аяз ата жасайды екен.

Ласло Римоци, кондитер:

– Бұл кішкентай маскалар марципан помадасынан жасалған. Қазір осы бетперделерді шоколад Аяз атаның бетіне жағамын. Меніңше, осылай Санта Клаус ересектер мен балақайларға үлгі көрсетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы