427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Малайзияда медициналық қолғап шығаратын зауыттар жабылып жатыр

  • 176
  • UPD: 18:36, 24.11.2020
Малайзияда медициналық қолғап шығаратын зауыттар жабылып жатыр

Әлемдегі медициналық қолғап шығаратын ең ірі Top Glove кәсіпорнының жатақханалары карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Малайзиялық компанияның 5767 жұмысшысы тест тапсырып, 2 мыңнан астамынан коронавирус анықталған. Қазір жатақханаларға кіреберістерге полиция мен әскер қатаң күзет қойды. Жалпы Малайзия үкіметі 28 зауытты кезең-кезеңімен жабатынын ескертті. Әзірге билік кәсіпорындарды жабу кестесін жариялаған жоқ.

Айта кетейік, әлемдегі резеңке қолғаптың 25%-ін шығаратын Top Glove биыл қыруар табысқа ие болды.

Хабар 24 телеарнасы