429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда мейрамхана иесі кәсібіне назар аудартудың тың тәсілін ойлап тапты

  • 249
  • UPD: 08:41, 26.11.2020
Германияда мейрамхана иесі кәсібіне назар аудартудың тың тәсілін ойлап тапты

Германияның Франкфурт қаласындағы мейрамхананың иесі індет кезінде дағдарысқа ұшыраған кәсібіне назар аудартудың тың тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ойыншық пандаларды үстелге отырғызып қойып, қызмет көрсетіп жүр. Мейрамхана жанынан өтіп бара жатқан адамдар бір панданы 150 еуроға сатып алып, кәсіпкерге қиын кезде аздап көмек көрсете алады. Аюды алған адамға арнайы логотипі бар жейде сыйланады және карантин аяқталған соң тегін қызмет көрсетіледі.

Джузеппе Фичер, кәсіпкер:

- Бұл бір жағынан наразылық белгісі, екінші жағынан қонақтарымызға жасалған сыйлық. Осы әрекетті карантин аяқталғанша күні-түні қайталай береміз.

Хабар 24 телеарнасы