424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері әкімдікке талап қойды

  • 198
  • UPD: 15:27, 26.11.2020
Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері әкімдікке талап қойды

Павлодар қаласында қоғамдық көлік жүргізушілері жергілікті билікке үлкен классты автобустарды жалға алу бағасын арзандатуды сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, карантин кезінде жолаушылар азайып кеткен. Мәселені шешуді талап еткен тасымалдаушылар екі бірдей бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтатып тастауға дейін барған. Сөйтіп, шаһарда қоғамдық көліктердің уақытша тапшылығы туындады. Жауапты органдар мен жүргізушілер ортақ мәселені шешу жолдарын қарастыруға уағдаласты. Қазір қоғамды көліктер қайта жүре бастаған.

Игорь Рыбас, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м. а.:

- Бұған дейін автобустарды жалға алу құны бірнеше рет төмендеді. Мәселені жан-жақты қарастыру керек. Мәселен, экономикалық есептеулер жасау қажет. Жүргізушілер талаптарын қағаз жүзінде әкеліп, бізбен келіссөздер жүргізулері тиіс. Біз өз тарапымыздан қарастыруға уәде береміз, шешу жолдарын іздейміз.

Хабар 24 телеарнасы