419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда коронавируске қарағанда суицидтен көз жұмғандар саны артты

  • 111
  • UPD: 15:02, 01.12.2020
Жапонияда коронавируске қарағанда суицидтен көз жұмғандар саны артты

Жапонияда бір айда суицидтан 1 жылда коронавирустан көз жұмғандарға қарағанда көп адам қайтыс болды.

Бұл туралы «Си-Эн-Эн» арнасы хабарлайды.

Күншығыс елінде қазан айында ғана 2 мың 153 тұрғын өзіне қол салған, ал жыл басынан бері ковидтан 2 мың 87 адам бақилық болған. Мамандар жапондарды өмірден түңілдірген басты себептердің қатарында жаппай жұмыссыздықты, жалғыздық пен жан күйзелісін атауда.

Негізі Жапонияда суицид деңгейі бұрыннан жоғары болатын. Мұнда жыл сайын шамамен 20 мың адам өзіне қол жұмсайды. Елдегі өлім-жітімнің 1 жарым проценті өзін өлімге қиғандар. Суицид әсіресе қыз-келіншектердің арасында көбейіп кеткен. Қазан айында әйелдер арасында ажалға асыққандардың саны 83 процентке артқан. Ал ерлер арасында 22 процентке өскен.

Сарапшылар «мұндай айырмашылық нәзік жандардың туризм, қонақүй, қоғамдық тамақтану бизнесінде және бөлшек саудада көбірек жұмыс істеуімен байланысты» дейді. Аталған салалардағы жұмыс орындарының көбі індет кесірінен жабылып қалған.

Хабар 24 телеарнасы