420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрия үшінші рет локдаун жариялауы мүмкін

  • 106
  • UPD: 08:59, 19.12.2020
Австрия үшінші рет локдаун жариялауы мүмкін

Австрия билігі үшінші рет қатаң жалпыұлттық локдаун енгізуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері хабарлайды.

Шектеу шаралары Рождестводан кейін 26 желтоқсанда күшіне енуі мүмкін.

Айта кеткен жөн, елде коронавируске қатысты қабылданған соңғы қатаң локдаун он шақты күн бұрын ғана жеңілдетілген еді. Осылайша өткен аптаның басында дүкендерге, мұражай мен сән салондарына ашылуға рұқсат берілген. 24 желтоқсаннан бастап, тау-шаңғы шипажайлары, ал 7 қаңтарда мейрамханалар мен қонақ үйлер жұмысы қайта жанданады деп жоспарланған еді. Алайда үшінші рет локдаун жарияланса, тәртіп қайта өзгеруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы