421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кабулда жарылыстан 9 адам қаза тапты

  • 144
  • UPD: 14:17, 20.12.2020
Кабулда жарылыстан 9 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан 9 адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті.

Бұл туралы Tolo News Ауғанстан ішкі істер министрі Масуд Андарабидің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Айтуынша, жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы 20 адам жараланған.

Жарылыс Кабулдағы Спин Калай алаңында болған. Әзірге жарылысты кімдердің ұйымдастырғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы