АҚШ-та Moderna вакцинасының алғашқы легі жеткізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жоспар бойынша, коронавирусқа қарсы бұл екпені салу бүгін басталуы тиіс. Алғашқы кезеңде 6 миллион адам қамтылмақ. Емдік тиімділігі 94 процентті көрсеткен Moderna компаниясының препаратын қолдануға өткен аптада рұқсат берілген болатын. Бұл – Құрама штаттарда вирусқа қарсы мақұлданған екінші вакцина. Осының алдында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектің сапасын бақылау басқармасы жергілікті Pfizer екпесін салуға куәлік берген еді.