421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байден шекарадағы шектеулерді қайта қарауға ниетті

  • 116
  • UPD: 12:42, 29.12.2020
Байден шекарадағы шектеулерді қайта қарауға ниетті

АҚШ-та жаңа әкімшілік билік басына келе салысымен президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты шектеулерін алып тастаумен айналыспақ.

Бұл туралы елдің жаңа сайланған президенті Джо Байден мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, келімсектерді қабылдау індетпен байланысты жағдайды ескере отырып жүзеге асады.

Еске сала кетейік, Трамп мигранттарға қатысты әрекеті қоғамда наразылық туғызған еді.

Джо Байден, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті:

- Біз Трамп әкімшілігінің оңтүстік шекарада орнатқан кедергілері мен одан туындаған гуманитарлық дағдарысқа алаңдаймыз. Билікті қолымызға ала салысымен бұл шектеулерді шешуге бар күшімізді саламыз.

Хабар 24 телеарнасы