421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда Оңтүстік Африкада шыққан коронавирустың жаңа түрі тіркелді

  • 113
  • UPD: 15:12, 29.12.2020
Жапонияда Оңтүстік Африкада шыққан коронавирустың жаңа түрі тіркелді

Жапонияда алғаш рет Оңтүстік Африкада шыққан коронавирустың өзгерген түрі тіркелді.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі мәлімдеді. COVID-19-дың жаңа штамvы желтоқсанның 19-ы күні Оңтүстік Африкадан Нарита әуежайына ұшып келген 30 жастағы әйелден анықталды. Бірақ науқастағы аурудың нышандары байқалмаған.

Еске сала кетейік, Жапонияда бұған дейін Ұлыбританияда шыққан коронавирустың жаңа штаммы тіркелген еді. Бұл вирустың түрін 15 адам жұқтырып алған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы