423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делиде күн күрт суытып, қаланы тұман басты

  • 150
  • UPD: 17:32, 31.12.2020
Нью-Делиде күн күрт суытып, қаланы тұман басты

Бүкіл әлем болып, санаулы сағаттарда келетін жаңа жылды тағатсыздана күтіп отырғанда, табиғат та өзінің тосынсыйын топ еткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үндістан астанасы Нью-Делиде күн күрт суытып, қаланы тұман басты. Синоптиктер шаһардағы ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендейтінін болжап отыр. Бұл мұндай суыққа үйренбеген үнді халқы үшін аномальді құбылыс саналады. Одан бөлек тұрғындарды қалың тұман да әбігерге салды. Салдарынан көшеде көлік қозғалысы шектелді.

БЛИЦ:

– Күн суық. Оның үстіне тұман кесірінен көру мүмкіндігі нашарлады.

– Өткен жылмен салыстырғанда, биыл тұман жиі болған сияқты. Оған не себеп, білмеймін. Мүмкін климаттың өзгеруі әсер еткен шығар. Түсініксіз.

Ал Жапония халқын қалың қар әбігерге салды. Соның салдарынан әуе компанияларына 150-ге жуық рейсті кейінге шегеруге тура келді. Ауа райының қолайсыздығы темір жол қатынасына да кесірін тигізді. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы уақытта күн суытып, кейбір өңірлерде жауған қардың биіктігі бір метрге дейін жетуі мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы