385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Шымкентте төрт емхана салынбақ

  • 997
  • UPD: 17:25, 01.08.2017

Шымкенттік кәсіпкерлер де ұлт саулығына ден қоя бастады.

Отандық инвесторлар мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен қалада төрт бірдей емхана салмақ. Әрқайсысы 2 миллиард теңге тұратын медициналық ғимараттар мыңдаған халықтың денсаулығын түзетуге сеп болмақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы шалғай ауылдардағы медициналық мекеме тапшылығын осылайша отандық инвесторлардың көмегімен шешпек. Көңіл көншітер бастапқы нәтижелі жұмыс Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» жүктелген міндеттің мінсіз орындалуын аңғартады.

Бұл – халқының саны миллионға жуықтаған Шымкенттегі отандық инвестор қаржыландыратын төрт нысанның бірі. Үшқабатты зәулім ғимарат толықтай соңғы үлгідегі медицицналық құралдармен жабдықталады. Құрылысқа қажетті жерді мемлекет тегін берген.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан жаңа ғимараттың іргетасы құйылып бітіпті. Құрылысшылар нысанды келер жылдың қара күзінде ел игілігіне береміз деп отыр. Емхана 500 орынға лайықталған. Осылайша күні бүгінге дейін ескі ғимаратқа тәуелді болып келген тұрғындардың мәселесі оң шешімін табатын болады.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы мемлекет құрылысқа кеткен шығынды толықтай қайтарып береді. Оған қоса қосымша мемлекеттік тапсырыс пен сыйақысы тағы бар. Тиісінше талап та жоғары болады. Егер игере алмаса, мемлекет басқаруына өтеді.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– 16 жыл өзі басқарады. Мысалы, өзің ақша саласың, 5 жыл ішінде сол шыққан шығыннның бәрін мемлекет қайтарып береді. Одан бөлек жылда басқарғаны үшін сыйақы беріп тұрады. Одан бөлек емхана мен ауруханаға кеткен шығын түгел қайтады. Сондықтан жекеменшік иесі ешқашан ұтылмайды.

Облыстың бас дәрігері өңірдегі медициналық мекеме мәселесін отандық инвесторлардың көмегімен шешеміз деп отыр. Сарыағаштағы перзентхана мен Шымкенттегі ісік ауруларына қарсы диспансерге де инвестор іздестіріліп жатыр. Өңірде 159 жекеменшік медициналық мекеме болса, соның 53-і мемлекет тапсыры бойынша жұмыс істейді.

Бақытжан Позиолов, «Дәрігер Орынбаевтың» медициналық орталығының бас дәрігері:

– Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының тиімді жері көп. Біріншіден, науқастарға кезек күтпейді. Яғни тез әрі өздеріне қажетті сапалы медициналық қызмет алады. Ол – бірінші. Екіншісі, мемлекетке өте пайдалы науқастардан сапалы емделген соң арыз түспейді. Үшіншіден, сол қызмет көрсетіп жатқан медициналық орталық уақтылы айлық жалақысын алады.

Орталық өңірдегі алғашқы жекеменшік емханалардың бірі. Аурухана жанындағы емханада білікті дәрігерлер жұртқа тегін кеңес береді. Тіпті мемеке жанынан жедел жәрдем орталығы да ашылыпты. Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Медициналық мекемеде жүрек талмасынан бастап жамбас сүйегін алмастыру сияқты күрделі операцияларға дейін жасайды.

Ұлбала Көштібева, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

Жекеменшік болса да қарап жатыр. Жақсы, ризамын. Бір жеріміз ауыра қалса, осында келіп тұрамыз. Қандай аппараттар шығарып қойған. Тарсылдатып ішкі құрылысыңды түсіреді. Ішегімді тазалайды. Бәрі жақсы.

Өңірдегі бірқатар мемлекеттік медициналық сауықтыру кешені жекенің меншігіне сатылмақ. Оған қоса ауруханалар мен емханалар жыл соңына дейін шаруашылық жүргізу құқығын өз қолдарына алады. Ал емхананы таңдау көпшіліктің өз ықтиярына беріліп отыр. Яғни бәсеке бар жерде медициналық қызмет сапасы артады,дейді дәрігерлер.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы