Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атыраудағы құс фабрикасының қуаты күннен-күнге артып келеді

  • 2027
  • UPD: 11:09, 14.08.2017

Атырау облысында құс өнімдеріне деген сұранысты жергілікті кәсіпорындар толығымен өздері қамтамасыз ететін болады. Аймақта үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған құс фабрикасының жылдық қуаттылығы соның айғағы. Былтырдың өзінде мұнда 77 млн дана жұмыртқа және 20 тонна құс еті өндірілген.

Облыс орталығынан бес шақырым ғана жерде орналасқан құс фабрикасының өнімдері бүгінде қаланың 80 пайызын жұмыртқамен қамтып отыр. Кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарына сәйкес келер жылдан бастап жылына 120 млн дана жұмыртқа және 50 тонна тауық еті шығарылмақ. Бұрын фабрикадағы адам күшімен атқарылған жұмыстардың денін қазір автоматтық қондырғылар жүзеге асырады.

Виктор Пац, құс фабрикасының атқарушы директоры:

– «Анаконда» деп аталатын автоматты қондырғы арқылы фабрикадағы барлық цехты бір орталықтан басқаратын боламыз. Жаңа технологиялардың рахаты осы. Енді жұмыртқаны да салмағына қарай автоматтар өзі сұрыптап, қорапқа салады. Бұрын барлық жұмысты қолмен істейтінбіз.

Фабрикада жұмыртқаның «диеталық» және «асханалық» деп аталатын түрлері өндіріледі. Сауда нүктелерінде жергілікті өнімге деген сұраныс аса жоғары.

Өнімдері нарықтағы өтімді тауарға айналған шаруалар енді жаңа цехтар салып, өндіріс ауқымын ұлғайтуға кірісті. 

Мұрат Нақпаев, жеке кәсіпкер:

– Күніне 260 мың жұмыртқа шығады. Ол жылға шаққанда 120-130 млн дана жұмыртқа шығарамыз.

Жаңа жоба осы жылы іске қосылып, келер жылдың басында толық өндірістік қуатына көшетін болады. Бұл кезеңде шаруалар жергілікті нарықтағы сұранысты толық жауып, артылған өнімді көрші аймақтарға саудаға шығаруды көздеп отыр.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы