420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркиядағы қазақ диаспорасы латын әліпбиіне көшуді қызу қолдайды

  • 1701
  • UPD: 20:47, 24.08.2017

Елбасының Бурабай баурайында берген сұхбатына алыстағы ағайын да назар салды.

Қандастарымыз: «Мемлекет басшысының игі бастамалары өміршең. Өйткені ол дүние жүзі қазақтарының бойына рухани серпіліс әкеліп, қоғамның дамуына зор серпін береді», - дейді. Әсіресе Түркиядағы қазақ диаспорасы латын әліпбиіне көшу идеясын қызу қолдайтынын жеткізді. Ыстамбұл қаласындағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, белгілі тарихшы-ғалым Әбдіуақап Қара ортақ алфавит шетелде тұратын қаракөз қандастарымыздың атамекен Қазақстанмен бір рухани кеңістікте болуына жағдай туғызатынын айтты. 

Әбдіуақап Қара, тарихшы:  

- Түркияда, Еуропада өскен қазақ латын әліпбиін жақсы біледі. Бірақ кириллицаны білмейді. Енді Қазақстан да латынға өтуімен дүние жүзі қазақтары біртұтас латын әліпбиінде жазып, сөйлейтін болады. Сондықтан біз қуанып отырмыз. Бұл латынға өту рухани жағынан үлкен бетбұрыс болады. Өйткені бұл дүние жүзі қазақтары арасындағы алфавит бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл нәтижеде тіл бірлігі деген сөз. Сонда дүние жүзі қазақтары бір алфавитте жазып, оқитын болады.

Хабар 24 телеарнасы