376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында көне сейф мұражайға тапсырылды

  • 587

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының қоры тағы бірнеше құнды жәдігермен толықты.

19-ғасырдың ортасында жасалған үш бірдей көне сейфті жергілікті тұрғын, аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы Мұрат Тойынбеков тапсырған. Бұл бұйымдар қазынашылық бөлімінде бүгінгі күнге дейін пайдаланылып келіпті. Ал әйгілі Қоянды жәрмеңкесінде сауда айналымынан түскен қыруар қаржы дәл осы темір сандықтарда сақталған деген дерек бар.

Кілт салатын ұяшығын ашу үшін мына жерден басатын кнопкасы бар. Арнайы жасалған.

1850 жылдары жасалған көне сандықтарды кез келген адам аша алмайды. Құпия құлыптары бар. Салмағы бір тоннадан асатын сейфтер осы күнге дейін өте жақсы сақталған. Оның бірі Мәскеуде құйылса, енді бірі Санкт-Петербургтағы «Сан-Галли» зауытынан шығыпты. Дәл осы темір сандықтарда Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда айналымынан түскен қомақты қаржы сақталған деген дерек бар.

Мұрат Тойынбеков, Қарқаралы аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы:

- Қоянды жәрмеңкесінің жанындағы қазынашылық үйі деген Қарқаралының басынан арнайы, патша жарлығымен ғимарат ашылған. Сол үйге осы сейфтер әкелінген. 150-200 жылға дейін Қарқаралы өңіріндегі қазынашылық үйінде халыққа қызмет жасап тұрды.

Көне сейфтер дәл осынау қазынашылық бөлімінің ғимаратында ұзақ жылдар пайдаланылып келген. Мұнда шамамен 19-ғасырдың ортасында жеткізілген болуы керек деп болжайды. Себебі шаһардағы ғимараттардың басым бөлігі сол жылдары салынған. Бұл архитектуралық ескерткіштер бүгінде мемлекет қорғауына алынды. «Енді келешекте Қарқаралыны ашық аспан астындағы мұражай қалаға айналдыруға әбден болады», - дейді тарихшылар.

Саят Оспанов, өлкетанушы:

- Қазір тұрғындардың өз үйлерін сақтап қалайық деген ынтасы бар. Үйлерінің төбесін, шатырын, басқа жерлерін жөндейді де, үйдің ағаш бейнесін қалдырады.

Мұрат Тойынбековтің қызмет бөлмесінде тағы бір көне сейф сақтаулы. Жәдігер әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр, онда ол құнды құжаттарын сақтайды. Келешекте бұл сейфті де мұражай қорына өткізу жоспарында.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы