382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгариядағы халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

  • 637
  • UPD: 17:44, 09.01.2017
«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгариядағы халықаралық кинофестивальде көрсетіледі ult.kz

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай» фильмдері 2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында Софияда өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында көрсетілетін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және Орта Азия елдерінен шыққан алғашқы тарихшы, көрнекті ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы «Аманат» тарихи лентасы прокатқа өткен жылдың мамырында шыққан. Режиссері әрі сценариін жазған – Сатыбалды Нарымбетов («Балалық шағымның Дон Кихоты» (1978 ж.), «Көзімнің қарасы» (1994 ж.), «Қызжылаған» (2002 ж.), «Мұстафа Шоқай» (2008 ж.). Аталмыш картина «Оскар» премиясының «Ең үздік шет тілдегі фильм» таңдалымына ұсынылған.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қыркүйегінде фильм XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, Уфада өткен III халықаралық ұлттық және этникалық кино «Күміс Ақбозат» фестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесін иеленген.

Хабар 24 телеарнасы