425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: тоғызыншы күннің қорытындысы

  • 5278

Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келіп Алатау бөктеріндегі аламанда бақ сынасқан ел спортшыларының нәтижесі көңіл көншітерлік.

Ұлықбек Есдәулет өлеңінде мынадай жолдар бар. «Ақындар бықып жатқанда, екінші болсам жаман ба»? Әлемнің елу жеті елінен спортшылар қатысқан Универсиаданың екінші командасы атану да үлкен жетістік. Осы минуттарда Алматыдағы Абай ескерткішінің маңында тоғызыншы жарыс күнінің мықтыларын марапттау рәсімі өтуде. Сарапқа салынған бас жүлденің саны он төрт. Біздің биатлоншы Галина Вишневская кезекті алтын медалін алды. Роман Еремин мен Антон Пантов тиісінше қола жүлдеге ие болды. Анна Шевченко де қола жүлдегер.  

Авторы: Амангелді Сейітхан 

 

Хабар 24 телеарнасы