389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Астана Балет» театрының ауқымды гастрольдері өтіп жатыр

  • 928
  • UPD: 14:15, 27.02.2017
Елімізде «Астана Балет» театрының ауқымды гастрольдері өтіп жатыр Фото: С.Қайдақұлова

Еліміздің үш қаласында «Астана Балет» театрының ауқымды гастрольдері өтпекші.

Театр Ақтөбеде – ақпанның 23-і мен 24, Қостанайда – ақпанның 27-сі мен 28, Көкшетауда – наурыздың 3 мен 4 күндері өнер көрсетеді.

Т.Ақтанов атындағы Ақтөбе драма театры, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры мен «Көкшетау» мәдениет сарайында театр ұжымы «Астана Балет GALA» бағдарламасын тарту етеді. Бұл концерттік бағдарламаға танымал хореографиялық миниатюралар мен бір актілі балеттердің үзінділері енген. Бағдарламаның сапасы мен техникалық безендірілуі дәл елордалық сахнадағыдай жасалады.

Бірінші бөлімді «Астана Балет» театрының әртістері ұлттық тақырып аясындағы хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерін көрсетпекші. Заманауи сахна сахналық пішіндер мен көркемдік құралдардың жаңашылдығын талап еткенімен, әрбір нөмірде халықтың музыкалық сарындары мен эстетикасы аңғарылып тұрады. Бірінші бөлімнің ұлттық нақышқа толы болуы – театр репертуарындағы бидің дәстүрлі тәсілдері сақталып, ұлттық хореографияға жаңа тыныс біткенінің айғағы.

Екінші бөлімде көрермендер GAIA (хореограф Р.Амаранте, муз. Х.Таварес, И.Альбенис) балетін тамашалайды. DanceEurope журналында жарияланған мақаласында әйгілі балет сыншысы Джессика Тиг «Астана Балет» театрының репертуары жайлы айта келіп, оның «Қазақстанның классикалық балет дәстүрлеріне иек арта отырып, Шығыс пен Батыстың үйлесімі, халық билері мен соңғы кездері жасала бастаған Батыстың неоклассикалық қойылымдары, ал қолдың ишараты арқылы нәзіктікті әспеттеу техниканың негізгі амалы» екенін атап өтті. 

Ақпарат көзі: «Астана Балет» театрының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы