378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана опера» театрында «Ел тірегі – Елбасы» деген атпен мерекелік концерт өтті

  • 673
  • UPD: 09:15, 02.12.2017
«Астана опера» театрында «Ел тірегі – Елбасы» деген атпен мерекелік концерт өтті

Ел тірегі Елбасы. Тұңғыш Президент күні «Астана опера» театрында осындай атаумен мерекелік концерт өтті.

Сахна төрінде «Біржан – Сара», «Қамар сұлу», «Семирамида», «Кармен» сынды опералардан үзінділер орындалды.

Көрермендер Халық әртісі Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова, Мәдина Исламова, Татьяна Вицинская, Мейір Байнештің өнерін тамашалады. Сондай-ақ «Астана Опера» театрының  симфониялық оркестрі, хоры мен балеті де қалың қауымды тәнті етті.

Мейір Бәйнеш, опера әншісі:

– Бүгінгі концертке біз ұзақ дайындалдық. Өйткені бұл концертке қоятын нөмірлердің барлығы театрымыздағы ең жақсы нөмерлер деп айтсақ болады. Қазақстандықтарға айтарым, мерке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Хабар 24 телеарнасы