384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда театрында «Астана-Париж: Жұбановадан Дебюссиге дейін» атты концерт өтеді

  • 499
Елорда театрында «Астана-Париж: Жұбановадан Дебюссиге дейін» атты концерт өтеді

26 қаңтар күні «Астана Опера» театрында «Астана-Париж: Жұбановадан Дебюссиге дейін» атты концерт өтеді.

Онда еліміздің танымал өнерпаздары мен кеш қонақтары отандық және француз композиторларының үздік туындыларын орындайды. Бағдарламаға Ғазиза Жұбанованың нөмірі бірінші ішекті аспаптар квартеті мен Колд Дебюссидің «Зығыр түстес шашты ару» және Кенжебек Күмісбековтің «Поэмасы» мен Жюль Массненің «Таис» сияқты шығармалары мен өзге де ерекше еңбектер енген. Өзара рухани байланысты арттыра түсетін концерт «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы негізінде ұйымдастырлып отыр.

Маржан Жәкенова, «Астана Опера» театры камералық залының меңгерушісі:

- Ғазиза Жұбанованың шығармалары – қазақстандық визит картасы. Францияның музыканттары Ғазиза Жұбанованың музыкасын сүйсіне орындайды. Францияға апарып, қазақ композиторларының шығармаларын таратады. Біздің музыкамызды әлем біледі.

Хабар 24 телеарнасы