389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің өнерпаздары Египет халқына сырға толы сиқырлы кеш сыйлады

  • 721
  • UPD: 20:49, 17.04.2018

Еліміздің Халық әртісі Айман Мұсақожаева Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерімен бірге Египетте концерт берді.

Мәдени шара Астана мен өнер университетінің 20 жылдығына орайластырған. Шарапаты мол шарада Еркеғали Рахмадиевтің «Құдаша-думан», «Күй шашуы», Латиф Хамидидің «Казақ вальсі», сондай-ақ Петр Чайковский мен Джоаккино Россинидің классикалық туындылары орындалды. Концертке Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі, скрипкашылар және «Шабыт» домбырашылар ансамблі де  қатысты.

Атап өтейік, сырға толы сиқырлы кеш еліміздің мәдениет және спорт министрлігі мен Мысырдағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Айман Мұсақожаева, ҚР Халық әртісі:

- Гастроль кезінде жер жаһанға жаңалық тарататын  арналарға сұхбат бердік. Жергілікті телеарнаның тікелей эфиріне қатысып, Мысырдағы ҚР елшісі Арман Исағалиевпен бірге «Рухани жаңғыру» жобасы мен концерттік турымыз туралы кеңінен  ақпарат тараттық. Жалпы Қазақ ұлттық өнер университетінің  студенттері  бұл  аймақта алғаш рет өз өнерлерін паш етіп отыр. Енді Каирдің Өнер академиясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниеттіміз. Сәйкесінше біздің ұжым рамазан айында Каирде өнер көрсетеді. Болашақта бірлесіп іске асыратын көптеген жобаларымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы