369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роза Рымбаева Беларусь Президентінің наградасымен марапатталды

  • 417
  • UPD: 11:46, 13.07.2018
Роза Рымбаева Беларусь Президентінің наградасымен марапатталды

Беларусь Президенті Александр Лукашенко отандасымыз Роза Рымбаеваға президенттік награданы табыс етті.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Витебскідегі «Славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке» атты арнайы марапатын табыс етті.

Бұл туралы belta.by хабарлайды.

Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп ғана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.

«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», - деді Роза Рымбаева. Роза Қуанышқызы барша халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

Осы категория бойынша: « Көкшетауда М.Жұмабаев жайлы электронды кітап жарық көрді Елордада «Жаңарған Жамбылдан асқақтаған Астанаға» мерекелік концерті өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы