369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда зағип және көру қабілеті нашар әншілер арасында байқау басталды

  • 191
  • UPD: 17:54, 12.09.2018

Талдықорғандағы оқушылар сарайында зағип және көзі нашар көретін әншілер арасындағы республикалық ән байқауы басталды.

«Екі жұлдыз» атты дода бұған дейін «Өнер бұлағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен екі жыл қатарынан Алматы қаласында өткізіліп келген еді. Енді биыл байқау шарты бойынша өткен жылы талдықорғандық әншілер жеңімпаз атанғандықтан, шара Алматы облысының орталығында ұйымдастырылды. «Жетісу шабыты» қоғамдық бірлестігі мен Алматы облыстық мәдениет басқармасы бірлесіп ұйымдастырған әншілер сайысына қатысушылар еліміздің 10 облысынан келген. Шара екі күнге созылып, гала-концертпен түйінделеді.

Алғысбек Дәуен, байқауға қатысушы:

- Аламан болған жерде біреу озады, біреу қалады дейді. Осындай шаралардың өткізіліп тұрғаны, әрине, жақсы мүмкінлігі шектеулі кісілерге. Жалпы көптеген таланттардың көрінуіне бір себеп болады деп ойлаймын.

Әлікен Дәркенбаев, «Жетісу шабыты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бұл конкурстың басты мақсаты, мәні мүмкіндігі шектеулі жандардың салауатты өмір сүру салтын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және өмірде, өнерде бір-бірімен белсене араласуына көмек көрсету.

Осы категория бойынша: « Qazaqtaný жобасы Сыр өңірінде жалғасты Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ Халықаралық театр фестивалі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы