369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек

  • 329
  • UPD: 12:30, 21.11.2018
Н.Назарбаев: «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек

«Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Бұл жайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жазды.

Елбасы мақаланың«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бөлімінде «Дала фольклорының антологиясын» жасау керектігін атап өтті.

«Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз əдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-əфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай жəне басқа да дəстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет», - деді Мемлекет басшысы.

«Ұлы Даланың фольклоры мен əуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық жəне шетелдік кəсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мəдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша əлемде дəріптеуге тиіспіз», - деп жазды Елбасы.

Елбасы бұл ретте ауызша жəне музыкалық дəстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын əрі түсінікті форматта болуы керек екендігін атап өтті.

«Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мəтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен əуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.

Сонымен қатар фольклорлық дəстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет» - дейді Мемлекет басшысы.

Елбасы мақаласының толық нұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыздар

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Қазақстан тарихының үздіксіз дамуын көрсететін туындылар түсіру қажет Намазалы Омашев: Тарихты кино және телевизия тілімен жеткізу керек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы