377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» фотокөрмесі ашылды

  • 254
  • UPD: 13:08, 05.12.2018
Астанада «Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» фотокөрмесі ашылды

Келушілер назарына Синьцзян аймағының соңғы жылдардағы экономикалық, құрылыстық, әлеуметтік даму және ұлттық мәдени мұралар салалары бойынша жеткен жетістіктерін көрсететін 100 фотосурет ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Таңғажайып Қытай – Көрікті Синьцзян» атты фотокөрмесі салтанатты түрде ашылды.

Синьцзян – Қытайдың ең үлкен аймағы. Бұл өңір кез келген кісіні тамаша табиғатымен тарта түседі.

«Бұған дейін аталған көрменің түрлі топтамалар жинағын көпшілік назарына ұсынған болатынбыз. Көрікті Синьцзян туралы бұл көрме топтаманың алтыншы бөлімі болып табылады. Бұл – тартымды, аймақтың келбеті көркем, табиғи ресурстарға бай өңір. Бүгінгі көрмеден Синьцзянның даму жолын, түрлі жетістіктерін тамашалауға болады», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин.

Астаналықтар көрмені 31 желтоқсанға дейін тамашалай алады.

Хабар 24 телеарнасы