378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Төлешованың «The World's Best» байқауындағы видеосы жарияланды

  • 360
  • UPD: 10:44, 14.02.2019
The World's Best

Америкада өтіп жатқан «The World's Best» байқауының youtube желісіндегі арнасында қазақстандық әнші Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланды.

Қазақстанның атынан барған жас әнші Андре Дейдің «Rise up» әнін орындап, қазыларды таң-тамаша етті. Айта кетерлігі, дәл осы әнді Данэлия Украинадағы байқауда да орындаған болатын. Айта кетсек, Данэлия Төлешова The Real америкалық шоуына қатысып, жүргізушілерді талантымен таңғалдырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

«Америкадан соңғы рет кетіп бара жатқанымда олардың дүкендері мен дәріханалары есімнен кетпей қойды. Оларда өмірге керектінің бәрі бар. Маған Elmer's Glue желімдері ұнады. Мен онымен слайм жасағанды ұнатамын», - деген еді Данэлия. Еске сала кетсек, бұдан бірнеше күн бұрын дәл осы байқауға қатысып жатқан әнші Димаш Құдайбергеннің өнер көрсеткен видеосы жарияланған еді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы