378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында алғаш рет жастар театры ашылды

  • 330
  • UPD: 15:31, 21.02.2019
Ақмола облысында алғаш рет жастар театры ашылды

Жергілікті мәдениет колледжінің үздік студенттерінен құралған өнер ошағына «Ел» деген атау беріліпті.

Жас ұжымның алғашқы қойылымы, яғни «Армандар кемесі» атты драма Көкшетаудағы мәдениет сарайларының бірінде сахналанды. Жастар театрының тырнақалды туындысын тамашалауға келген жергілікті көрермен жас өнерпаздардың алғашқы қадамдарына зор қошемет білдірді. Ал «Армандар кемесі» атты қойылым башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана» повесінің желісі бойынша қойылған. Мұнда жетім балалардың қилы тағдыры баяндалады. Автор бұл туындыда өз басынан өткен оқиғаларды жазған. Ал ол премьераға қонақ ретінде шақырылыпты.

Айгиз Баймұхаметов, жазушы, туынды авторы:

- «Тастамашы, ана» повесі бүгінде Башқұртстанның мектептердегі оқу бағдарламасына енгізілген. Ал кітабым әлемнің 10 шақты тіліне аударылған. Театрларда спектакльдер де қайта-қайта қойылып жатыр. Алайда Көкшетау жастарының талпынысы мені таңдай қақтырды. Әрі өзімді шақырғандарына да өте қуаныштымын.

Құдайберген Насыров, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Мен өнер адамы болғандықтан басты айтатыным, бұл – Қазақстанда жоқ экспериментальді-зертханалық театр. Осындай театрдың ашылуы жалғыз жастарға емес, бүкіл Көкше өнеріне бақыт деп білу керек. Бұл – теңдесі жоқ театр. Біз реализмнен авангардтық өнерге кетіп бара жатырмыз. Өйткені әлем соны қабылдап жатыр. Өйткені бүгінгі жастар соны көргісі келеді. Баяғы классика бар. Бірақ оны жаңа бағытта, жаңа леппен көру керек.

Хабар 24 телеарнасы