379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында белгісіз жануардың қаңқа сүйектері табылды

  • 183
  • UPD: 14:48, 28.05.2019
Маңғыстау облысында белгісіз жануардың қаңқа сүйектері табылды

Ақтаулық азамат Шетпе елді мекенінің маңынан белгісіз жануардың сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кезіккен қаңқа осыдан 100 млн жыл бұрын теңізде өмір сүрген динозавр болуы мүмкін. Владимир есімді қала тұрғыны өз жаңалығын әлеуметтік желіде жариялаған. Әуесқой түсірілімді ресейлік сарапшылар да көріпті. Олардың айтуынша, бұл сүйектер ихтозаврға тиесілі болуы мүмкін. Алайда бұл болжамның растығы тек сараптама жұмыстарынан соң белгілі болмақ. Қазір ол бейнетаспаны қазақстандық мамандарға көрсетуді жоспарлап жүр. 

Владимир Ярцев, қала тұрғыны:

- Қаңқа сүйектері табылған жерді сырт көзден жасыруды ойладым. Өйткені оларға қол тисе, күл болып шашылып қалуы мүмкін. Сол үшін тек ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктедім. Оны зерттеумен өз ісінің мамандары жұмыстануы қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы