380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театры «Жизель» балетінің премьерасын ұсынады

  • 117
  • UPD: 13:29, 31.05.2019
«Астана Опера» театры «Жизель» балетінің премьерасын ұсынады Астана Опера

«Астана Опера» театры 14, 15 және 19 маусым күндері А.Аданның «Жизель» балетінің премьерасын ұсынады.

Спектакль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен балетмейстер, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова, сценограф Эцио Фриджерио, «Оскар» сыйлығының иегері, костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапиноның қойылымында өтеді.

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев.

«Жизель» – менің ең сүйікті балеттерімнің бірі, оны дара да дана туынды деп білемін. Балетте барлығы анық, ықшам әрі көңілге қонымды. Осы балеттегі романтиканың барлық әсемдігін толыққанды жеткізгіміз келеді, - дейді Алтынай Асымұратова.

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинский, Елена Шерстнева, жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони.

Басты партияларды Жизель – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева, Венгр мемлекеттік опера театрының этуалі Әлия Танықпаева және Анастасия Заклинская дайындауда. Альберт – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан, Еркін Рахматуллаев, Олжас Тарланов. Мирта – Әсел Шайкенова, Елена Семенова, Еркежан Жүнісова.

Спектакльдердің басталуы: 14 және 19 маусым сағат 19.00-де, 15 маусым сағат 18.00-де.

 

Хабар 24 телеарнасы