384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Елеке сазындағы қорғандардан 500-ге жуық жәдігер табылды

  • 146
  • UPD: 10:27, 11.07.2019

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Елеке сазына зерттеу жүргізген археолог-ғалымдар биыл да тарихи олжаға кенелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аумақта Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен қазба жұмыстары былтыр басталған. Нәтижесінде өткен жылы 3 мыңға жуық алтын зат шыққан. Ал биылғы зерттеу жұмыстары кезінде 500-ге жуық жәдігер табылды. 8 ғасыр бұрын өмір сүрген сақ қорғандарынан шыққан тарихи- жәдігерлер туралы баяндайық.

Шынжыр баулы алтыннан жасалған бұғы бейнесін археологтар бұрын ешбір қазба жұмысынан кезіктірмеген. Яғни, Елеке сазындағы сақ қорғандарының тарихи құндылығы осында. Табылған жәдігерлердің барлығы да тек таза алтыннан жасалған. Зергерлер диагоналі 1 мм болатын алтын моншақтарды тесіп, киімдерді әшекейлеген. Әрбір зат жеке зерттеу мен талдауды қажет етеді. Сондықтан бұл ұлттық тарихымызды түгендеуге қосылған теңдессіз үлес.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Алда үлкен табыстар күтіп отыр. Бірақ осылардың барлығы материал мен деректердің бәрі жиналғаннан кейін біздің көне және ортағасырлық тарихымызға қосатын үлесі зор болады деп ойлап отырмыз.

Аумағы 30 шақырым жерде шамамен 200-ге жуық сақ қорғаны бар. Ғалымдар табылған заттарға қарап, бұл жерде бекзадалар мен ханшайымдар жерленген деген тоқтамға келді.

Елдос Қариев, Алтайтану орталығының жетекші ғылыми қызметкері:

- Оның бәрі тоналғанға қарамастан, бізде ежелгі өнер Елбасының мақаласындағы айтылған аң стилі деген сияқты басқа да «Ұлы даланың жеті қарына» сай заттар шығады деп үміттенеміз.

Археологтрадың үміті ақталып жатыр. Осы саркофактар қазақ даласында ғажайып дала өркениетінің негізі  қалыптасқынанына дәлел. Ендігі мәселе - бұл жәдігерлерді ғылыми айналымға енгізу.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Мәселе тек алтында емес, мәселе ғылымда, білімде. Соның барлығын біздің ата-бабамыз білген. Содан кейін осыны барлығымыз осы жаңалықтарды жинап, мүмкін қыркүйек айында Ыстамбұлға көрсетеміз. Ендігі жылда үлкен келісім бар. Ең беделді мұражайда Лондон мен Оксфордтың мұражайына апарып, осыны көрсетуіміз керек.

Биыл археологиялық-зерттеу жұмыстары өте ауқымды жүріп жатыр. Бірден сегіз ғылыми-экспидициялық топ тартылған. Тек Шығыс Қазақстаннан ғана емес, оңтүстіктегі жоғарғы оқу орындарындағы ғалымдар мен студенттер келген. Зерттеу басталғалы бір жарым ай ғана болды. Ғалымдар сары күзге дейін  әлі талай тарихи жәдігердің табыларына сенімді.

Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы