384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Витебскіде «Славян базары» байқауы ашылады

  • 150
  • UPD: 16:50, 11.07.2019
Витебскіде «Славян базары» байқауы ашылады

«Славян базары» XXVIII Халықаралық  өнер фестивалі салтанатты түрде бүгін Жазғы амфитеатрда ашылады.

Форумның ашылуында халықаралық фестиваль-байқауға қатысушылар дабылшылармен бірге Бостандық алаңынан Жеңіс алаңына дейін жүріп өтеді. Түсте байқау басталады. Сондай-ақ, Жазғы амфитеатр маңында Лауреаттар алаңында жаңа жұлдыз жағылады - мұнда Беларусь Республикасының Президентінің арнайы марапаты Таисия Повалийге табыс етіледі.

Әрі қарай «Витебск-2018» XVII халықаралық балалар музыкалық конкурсының марапаттау рәсіміне жалғасады. Кешке Бас жүлде иегері Жазғы амфитеатр сахнасына шығып, өз өнерін көрсетеді. Сондай-ақ, бағдарламаға танымал әртістер мен жаңа есімдер қатысады: Валерий Леонтьев, Тамара Гвердцители, Стас Михайлов, Варвара, Татьяна Буланова, Александр Панайотов; Анатолий Ярмоленко мен «Сябры» ансамблі, Ядвига Поплавская, Руслан Алехно, «Песняры» ансамблі, Беларусь Президенті оркестрі, Алессандро Сафина, Таисия Повалий, Боссон және басқалар.

«Славян базары» XXVIII Халықаралық  өнер фестивалі 11-15 маусым аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы