386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екрем Аян: Абай түркі әдебиетіне өшпес мұра тарту етті

  • 223
  • UPD: 16:17, 10.08.2019

Қазақ халқын тану үшін Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркиядағы абайтанушы Екрем Аян осындай пікірде. Оның сөзінше, ұлы ойшылдың туындылары қазақ әдебиетімен қатар түркі әлеміне өшпес мұра қалдырған. Бүгінде Анадолы жерінде Абай шығармаларын дәріптеп жүрген ғалымның қазақ әдебиетіне қатысты 4 кітабы жарық көрген.

Екрем Аян, абайтанушы:

– «Бір ғасырдың айнасы – Абай Құнанбаев және Қара сөздер» атты кітабымды ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына тарту етемін. Кітапта Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, шығармалары мен ұлы ойшылдың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі жазылған. Сондай-ақ қара сөздердің түрік тіліндегі аудармасы мен тұпнұсқасы бар. Абай – тек қазақ әдебиеті ғана емес, түркі әдебиетіне де елеулі үлес қосқан тұлға. Осы себепті оның шығармаларын түркі халқы терең зерттеп, жақыннан тануы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы